Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

1 қарашадан бастап Көкшетауда жолақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

2019 жылдың 27 қазан 2019 19:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биылғы 1 қарашадан бастап Көкшетау қаласында қалаішілік бағыттағы автобуста жүру ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

« 1 қарашадан бастап Көкшетау қаласында әкімдік қаулысының талаптары заңды күшіне енеді», - делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Жазбада көрсетілгендей, көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде ересектерге – 80 теңге мөлшерінде,

жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға (мектеп дербестендірілген көлік картасы бойынша) - 40 теңге белгіленіп отыр. ⠀

Ал, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде ересектерге - 150 теңге, он бес жасқа дейінгі балаларға - 70 теңге мөлшерінде жолақы белгіленіп отыр.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар азаматтардың санаттары белгіленді: ⠀

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне. ⠀

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға. ⠀

3) Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына. ⠀

4) фашистік лагерьлердің тұтқындарына. ⠀

5) Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға. ⠀

6) Көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға. ⠀

7) Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға. ⠀

8) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына.

9) Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдарының қатысушылары мен мүгедектеріне.

10) Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар мен мүгедектерге.

11) Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға.

12) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға.

13) I топтағы көру бойынша мүгедектерге, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаншыларға.

14) Қызыл Жұлдыз ауылында тұратын оқушыларға оқу жылы кезеңінде.

15) Социалистік Еңбек ерлеріне және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдарға жеңілдік беріледі.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Көлік, Ақмола облысы,
Жоғары қарай