Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

1 шілдеден бастап бірқатар тауарды «Виртуалды қойма» арқылы өткізуге болады

2019 жылдың 20 маусым 2019 08:51 626

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап тұрмыстық техниканы, қант шикізатын өткізу «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактура жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, «Виртуалды қойма» модулі мынадай тауар санаттарына қолданылады:

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - автокөлік құралдарына, сондай-ақ ҚҚС бойынша бақылау шоттары қолданылған жағдайдағы тауарларға; 

- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап - қант-қант шикізатына,  тоңазытқыштарға, теледидарларға;

- 2019 жылғы 1 қазаннан бастап - шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға.

Айта кетейік, «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактура жазып берілетін тауарлар тізбесі комитеттің порталында жарияланған.

Бұл ретте «Виртуалды қойма» модулінде электронды шот-фактура жазып беру мынадай екі тәсілмен жүзеге асырылады:

- «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің web-қосымшасы;

- «Виртуалды қойма» модулін салық төлеушілердің есепке алу жүйесімен интеграциялаудың АPI-механизмі арқылы.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай