Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

10 айдың ішінде кәсіпорындарда 129 адам қаза тапты – Еңбек министрі

2019 жылдың 18 қараша 2019 20:08

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шегіп, оның ішінде 129 адам қаза тапқан.

Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Талдықорғанда «Жетісу су құбыры» МКК ұжымымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шекті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға төмен. Оның ішінде 129 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 22,8%-ға төмен. Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, өндірістік жарақаттанудың оң динамикасы сақталуда. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6 – ы қаза болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артық», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.




Аталған ведомствоның ресми мәліметіне сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында елімізде 47 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 820 материал жіберіліп, 116 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде Алматы облысы бойынша 20 іс бар, олар бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіпке байланысты, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. Алматы облысы бойынша тыйым салу фактілері болған жоқ.




Жоғары қарай