Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

10 маңызды бағыт: Индустрияландырудың үшінші кезеңіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленуде

2019 жылдың 22 маусым 2019 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталады.

Жылдың соңына дейін оның өңдеуші өнеркәсіптегі 2015 жылғы деңгейге өңдеуші экспорттың өсімін 19%, еңбек өнімділігінің өсімін - 22%, өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялар көлемін 1 149 млрд. теңгеге қамтамасыз ету бойынша нысаналы индикаторларына қол жеткізу қажет. Осыған байланысты, 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сондай-ақ ел индустриясының ұзақ мерзімді бағытын жалғастыру мақсатында өткен жылдың желтоқсанында ҚР Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы бекітілді.

Қазіргі уақытта осы тұжырымдама аясында Индустрияландырудың үшінші кезеңі - Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, бекітілген тұжырымдама Қазақстандағы өнеркәсіптің «цифрлық дәуір» қалыптасуына бағытталған индустрияландырудың негізгі тәсілдері, қағидалары, міндеттері мен бағыттарын анықтайды. Сонымен қатар, онда Тұңғыш Президенттің алға қойған міндеттері ескеріледі.

Атап айтқанда,

- «қарапайым заттар экономикасын» дамыту (отандық өнімдердің, оның ішінде халық тұтынатын тауарлардың) кең номенклатурасын игеру;

- отандық тауарлармен ішкі нарықты толтыру;

- өңдеуші өнеркәсіптің экспорттаушыларын қолдау;

- жеке, шетелдік инвестицияларды тарту арқылы ірі, озық жобаларды іске асыру.

Жалпы, алдағы уақытта индустриялық-инновациялық саясатта сабақтастық сақталады және бар инфрақұрылымдық және институционалдық қаңқаны максималды қолданумен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға назар аударылады.

Сонымен қатар, Тұжырымдамада индустриялық-инновациялық саясат тәсілдерін өзгерту де қарастырылған.

Біріншіден, салалық басымдықтан барлық өңдеуші өнеркәсіптің тиімді өндірушілерін қолдауға өту және ұлттық және өңірлік «өсім нүктелері» кәсіпорындарына шоғырландыру жүзеге асырылмақ.

Екіншіден, өндірілетін өнім, оның ішінде халық тұтынатын тауарлар бойынша жаңа, кеңейтілген және «күрделендірілген» номенклатураны игеруге күш салынады.

Үшіншіден, тікелей қолдау нақты көрсеткіштерге қол жетукізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелерді алуымен берілетін болады (локализация, жаңа өнімдерді, оның ішінде халық тұтынатын тауарларды игеру, экспорт өсімі және басқалар).

Төртіншіден, өнеркәсіпті «цифрлық дәуірге» дайындау шеңберінде қажетті инфрақұрылым және стандарттар құрылатын болады.

Осылайша, Тұжырымдама өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қажетті кең ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету, техникалық байқаулар мен стандартизация жүйелерін жетілдіру, соның ішінде өнімнің қауіпсіздігі, ішкі нарықты дамыту және отандық кәсіпкерлердің жаңа жоғары технологиялық өндірістерге және халықаралық зерттеулерге қол жетімділікті кеңейту, өңдеуші өнеркәсіптің секторларын дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеу бөлігіне қатысты.

2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты - бұл өңдеуші өнеркәсіпті ішкі және сыртқы нарықтарда ынталандыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үш мәселені шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

Біріншіден, индустрияландыруды тереңдету. Мұндағы негізгі міндет кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге, кәсіпорындарды өсу нүктелерінде ұтымды орналастыруға және ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім өндіруші-кәсіпорындар пулын құруға бағытталған.

2) Сыртқы нарықта сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін және номенклатурасын кеңейту. Бұл міндет экспорттық кәсіпорындар үшін.

3) Өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту. Бұл ретте базалық салалар кәсіпорындарының өнеркәсіптің жаңа түрлерін өндіруді игеруін ынталандыру, капиталдың сыйымдылық өндірістерін құру, соның ішінде ТНК мен шетелдік инвесторлардың қатысуымен, және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарына қажетті шикізатты ұсыну арқылы шешілетін болады.

Осы мақсаттарға ойдағыдай қол жеткізу үшін жұмыстар 5 негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде Қытай, Орталық және Оңтүстік Азия нарықтарына қолжетімділікке сыртқы сауда-саттықта барьерлерді алуға бағытталған белсенді сауда саясатын жүргізу қарастырылмақ. Сондай-ақ реттелетін сатып алулар, техникалық реттеу жүйелерін, метрология және стандартизация мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ішкі нарықты ұтымды қорғау көзделеді.

Өсу нүктелерінде өндірістің мамандандырылған озық факторларын құру. Барлық күш өндірістік және цифрландырылған сапалы инфрақұрылым, атам капиталын, компетенция орталықтарын, сынаушы және сертификатталған инфрақұрылымын құруға бағытталатын болады.

Жаңа капитал және ғылыми сыйымдылықты өндірісті құру. Шикізат ресурстарын бөлу және инвесторлар үшін тартымды шарттарды беру бойынша мемлекеттің мүмкіншіліктерін қолдана отырып, өңдеуші өнеркәсіпте жеке капитал және ғылыми сйымдылық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет.

Ішкі және сыртқы нарықта тиімді кәсіпорындарды тікелей қолдау. Тиімділік ішкі және сыртқы нарықта мықты бәсекеге қабілеттілігімен өлшенетін болады. Бұл үшін болашақта сыртқы нарықта табысты болуы ықтимал кәсіпорындарды кешенді қолдау қажет болады.

Индустрияландыру саясатын үйлестіру, қаржыландыру және мониторинг процестерін нақты жөнге келтіру жолымен индустриялық-инновациялық қызметтің тиімді қолдау жүйесін арттыру шаралары да қарастырылады.

Тұтастай алғанда, 2025 жылға Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың күтілетін нәтижелері:

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,7 есеге нақты өсетіні болжанады. Өңдеуші өнеркәсіп экспорты көлемінің 2016 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге өсетіні күтіледі. Бұдан бөлек, экономикалық күрделілік индексін 55-орынға дейін жоғарылату, өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестицияның 2016 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге нақты өсіру, экономикалық белсенді 1000 адамға шаққанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санын 2016 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту жоспарланған.

Айта кетерлігі, биыл Тұжырымдама негізінде индустриаландырудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ол 2019 жылдың желтоқсан айында қабылданатын болады.

Жоғары қарай