Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

«100 жаңа есім» жобасына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

2019 жылдың 23 қазан 2019 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының үшінші кезеңі ұйымдастырылуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлердің өтініштері қабылдануда. «БЮРО 100» жобасының бастамашыл тобы кейіпкерлерді әр аймақтан іздеп жатыр.

Биылғы тәртіп бойынша жасы 39-дан аспаған қазақстандықтардың арасынан жаңа есімдер анықталуда. Әр үміткердің табысқа жетудегі қызықты оқиғасы болуы керек. Ұйымдастырушылар талантымен және еңбегімен мансапта биікке қол жеткізген жандарға немесе ондаған адамның өмірін құтқарған «батырларға» қызығушылық танытады.

Жобаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылды. Жобаға қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтында арнайы форманы толтыру керек.

Басты сөздер: Рухани жаңғыру, 100 жаңа есім,
Жоғары қарай