Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

«100 жаңа есім» жобасының жаңа талаптары қандай

2019 жылдың 3 қазан 2019 21:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «100 жаңа есім» жобасының жаңа талаптарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынған бұл жоба биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Жобаның үшінші маусымында талаптар аздап өзгерді. Біріншіден, жаңа есімдерді іздеуге алдыңғы маусым жеңімпаздары атсалысады. Бұл бастаманы жеңімпаздардың өздері көтерді, олар Бюро100 қозғалысын құрды. Осылайша, жаңа жеңімпаздарды табуға көмектеседі. Екіншіден, жеңімпаздарды іріктейтін құзырлы қазылар алқасы құрылады. Үшіншіден, кез келген адам жобаға өзін ұсына алады. Бұған дейін үміткерді екінші адамның ұсынуы міндетті болған еді. Биыл бұл шартты алып тастадық», - деп түсіндірді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Оның айтуынша, жоба жеңімпаздары желтоқсан айында ел басшылығымен кездесуге қатысады.

«Бұрынғыдай олардың өмірі мен табысы туралы фильмдер түсіріледі. Бұрынғыдай оқушылармен және студенттермен кездесу ұйымдастырылады, түрлі жобалар жасалады. Және бұрынғыдай, отандастарымыздың ел дамуына қандай орасан еңбек сіңіріп жүргенін көрсетеміз», - деді министр.

Еске сала кетсек, биылғы 30 қыркүйекте «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталды.

Жобаға қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.

Жоғары қарай