Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

12 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Astana International Campus алаңында «Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тәжірибе алмасуы» тақырыбында Еуропалық Одақтың «БізАлматы» жобасының конференциясы өтеді.

Сағат 09.30-да Конгрес-орталықта Қазақстан көлік құраушыларының VII Форумы өтеді.

Сағат 10.00-де Қазмедиа орталығында ASTANA MEDIA WEEK 2019 шарасының екінші күні өтеді.

Сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Интернационализация - аймақтық хабтың даму драйвері» атты халықаралық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 10.30-да Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған ел бюджетіне қатысты үш заңнама таныстырылады.

Сағат 11.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

Сағат 11.00-де Назарбаев университетінің медицина мектебінде «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» атты бірінші қазақстандық конгресс шеңберіндегі вакцинация мәселелері бойынша баспасөз-брифингі өтеді.

Сағат 14.00-де в Sputnik Казахстан баспасөз орталығында Мәскеу – Бішкек – Ереван – Кишинев - Нұр-Сұлтан видеокөпірі форматында ЕАЭО кеден инфрақұрылымы департаменті директоры Бақтыбек Байсеркеевтің қатысуымен брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де Үкімет үйінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машинажасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаевтың қатысуымен «ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында машинажасау саласын дамыту туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмалардың іске асырылуы туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Жанұя» отбасы институтын дамыту орталығында «Кәсіпкер ана» авторлық әлеуметтік жобасы таныстырылады.

Сағат 15.00-де «Барыс-Арена» спорт кешенінің баспасөз орталығында «QAZSPORT» телеарнасының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 18.00-де Қазмедиа орталығының киноконцерт залында өтетін «Хабар» Агенттігінің Жаңа маусымының тұсаукесер кеші басталады.

АЛМАТЫ

Сағат10.00-ДЕ​ ​ «Алматы» қонақ үйінде​ «Алматы – Алма орталығы: экономикалық, экологиялық және мәдени перспективалар» атты халықаралық форум ашылады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат ​ 11.00-де ​ Алматы қаласының республикалық Достық үйінде шешен және ингуш этностарының мәдени күні өтеді.

Сағат 16.00-де С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Ә. Қастеевтің «Нәзік тепе-теңдік» көрмесіне ​ баспасөз-тур ұйымдастырылады.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай