Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

12 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

2019 жылдың 12 шілде 2019 06:29 404

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  12 шілде күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың тек батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірінде атмосфералық  ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Тек республиканың қиыр батысында ғана дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

   Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанда, күндіз Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.   

 Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ыстық, кей жерлерде аптап ыстық күтіледі.

   Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.                                                    

                     

 

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Аймақ, Ауа райы,
Жоғары қарай