Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

12 жасар спортшы қазақстандық үстел теннисі тарихындағы ең жас спорт шебері атанды

2019 жылдың 15 қазан 2019 16:14

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында 12 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев ерекше көзге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біріншілік 1998 жылы туған және одан да жас ұлдар мен қыздар арасында өтті. Қарағанды облысы атынан сегіз ракетка шебері қатысты. Командалық сынақта қарағандылық теннисшілер - бірінші орынды, жасөспірімдер - үшінші орынды иеленді.

Жеке біріншілікте алтын медальді спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Зәуреш Ақашева, қола медальді Александра Смирнова жеңіп алды. Қыздар жұптық разрядта үшінші болды.

Аралас жұптық разрядта Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева жеңіске жетті. Қарағанды облысы құрамасының ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады. Мұндай жетістік Қазақстан үстел теннисінің тарихында алғаш рет болып отыр.

Бір ай бұрын ITTF Халықаралық федерациясы құрлықтық, әлемдік Hopes Week турнирлерінің қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиевті 2019 жылғы үздік жас теннисші деп атаған еді.

Республикалық чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері - облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері.










Жоғары қарай