Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

13 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 12 қараша 2019 20:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 13 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтарды қабылдайды.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының 2019 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «БАҚ және қоғамдық келісім» IV халықаралық медиафорумы өтеді.

15.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Наталья Годунова азаматтарды қабылдайды.

15.30-да «Astana Marriott» қонақ үйінде І Қазақстан-Италия бизнес-форумы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде Қазақстанның VII HR-форумы өтеді. Форум аясында The Best HRD 2019 жүлдесінің жеңімпаздары марапатталады.

10.00-де Достық үйінде Литва бизнес өкілдерінің қатысуымен Байланыс биржасы өтеді.

11.00-де Қазақстанның қор биржасы (KASE) Қазақстанның биржа және нарығы туралы ай сайынғы дәстүрлі медиа-брифингін өткізеді.

12.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында «Халыкка адал кызмет» (ХАҚ) партиясын құру бастамасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Almaty Art Center көрме залында Алматы облысы суретшілерінің көрмесі ашылады.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай