Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

13 тамызда «Jastar kerýeni» жол тартады

2019 жылдың 17 шілде 2019 16:01 382

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде «Jastar kerýeni» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық министрлігінің қолдауымен бастау алған «Jastar kerýeni» жобасына қатысушыларды іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтың айтуынша, конкурс нәтижесі 25 шілдеде белгілі болады.

Іріктеуден өткен жастар 12 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен слет өткізіп, ертеңінде 7 бағыт бойынша сапарға аттанады.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларына жол тартқан белсенді жастар 4 күн бойы 7 өңірдің туристік нысандары мен киелі орындарын аралап, алған әсерлерін әлеуметтік желіге жариялайтын болады. Ұйымдастырушылар осы арқылы жастар арасында ішкі туризмді дамытуға атсалыспақшы.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші, Әлеуметтік желіде белсенді жастар туризм саласында трендтер қалыптастырып отыр. Сондықтан, әр бағытқа жастармен бірге блогерлер барады. Жастар солар бөліскен ақпарат арқылы еліміздің туристік әлеуеті жоғары өңірлер туралы толыққанды ақпарат алатын болады», - дейді Тоқтар Болысов.

Оның айтуынша, туристік керуен соңында оған қатысушылар өздері аяқ басқан орындардағы инфрақұрылымдық мәселер бойынша тиімді ұсыныстар беруі тиіс.

«Қазірдің өзінде мыңнан астам ұсыныс түсті. Шілденің аяғына дейін олардың саны 2 000-ға жетеді деп ойлап отырмыз. Іріктеуден өткен жастар сапар соңында өз ұсыныстарын береді. Оны жинақтап тиісті мемлекеттік органдарға жолдаймыз. Яғни, жастар ақысыз қыдырып қана қайтпай, жер-жердегі туризм инфрақұрылымын қалай шешу керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтатын болады», - деді ол.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың айтуынша, бұл шара да Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

«Биыл елімізде жаста жылы» жариялануына байланысты 89 бағыт бойынша жобалардың жол картасы дайындалған болатын. Соның ішіндегі ең ірі жобаның бірі осы «Jastar kerýeni», - деді мнистрлік өкілі.

Жоғары қарай