Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

1300-ге жуық шетел азаматы Нұр-Сұлтанда заңсыз жүрген

2019 жылдың 23 қараша 2019 15:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полициясы 18-22 қараша аралығында өткізілген «Заңсыз келуші» республикалық жедел алдын алу шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, шара тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген мигранттарды тексеру, заңсыз миграция арналарын анықтап, жолын кесу мақсатында өткізілген. Миграциялық қызмет, криминалдық полиция және жергілік полиция қызметтінің қызметкерлерінен жасақталған 30-дан астам бірлескен топ шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін базарларды, құрылыс нысандарын тексеріп шықты. Жедел алдын алу шарасының нәтижесінде Қазақстан аумағында болу ережесін бұзған 1 292 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 423 адам Қазақстан аумағында тіркеусіз жүргені, 500-ден астам шетел азаматы рұқсатсыз жұмыс істегені үшін жазаланды. 61 адам Қазақстан аумағынан шығарылды.

Бұған қоса, 26 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елордалық департаменттің қабылдау-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 60-тан астам шетелдік жеткізіліп, 1 100-ге жуық шетел азаматы ішкі істер органдарына тіркеуге алынды.

Миграциялық заңнаманы бұзған 250 шетел азаматына ел аумағында уақытша болу мерзімі қысқартылды. Бұған қоса, шара барысында миграциялық заңнаманы бұзған шетел азаматтарына қатысты елорда полициясы 4 қылмыстық іс қозғады.

Жоғары қарай