Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

14 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қыркүйектегі Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.


НҰР-СҰЛТАН


06.00-де «Хабар» телеарнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) пен америкалық боксшы Решард Хикс (12-0-1, 6 КО) арасындағы жекпе-жекті көрсетеді.


09:00-де «Хан Шатыр» СОСО алдындағы алаңда Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

11.00-де «Жерұйық» саябағында «Отбасы күніне» арналған мереке өтеді.

16.00-де «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде «География – мәдени даму бағыты» атты көрме ашылады.

АЛМАТЫ

09:00-де Медеуге денсаулық баспалдағымен жүгіру өтеді.

11.00-де Mercure City Center қонақүйінде ALMATY FILM FESTIVAL-2019 II Халықаралық кинофестивалінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді, онда ALMATY FILM FESTIVAL-2019 ұйымдастырушыларымен және «Айдаһардың баспа құпиясы. Қытайға саяхат» картинасының тұсаукесерін жасаған «Russian Film Group» фестивалінің қонақтарымен кездесу болады.

12.00-де Орталық мемлекеттік музейде Қала күнін мерекелеуге арналған «Алматым – алтын ұям» шарасы өтеді.

18.00-де Республика сарайында ALMATY FILM FESTIVAL–2019 кинофестивалінің салтанатты ашылуы мен қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі өтеді.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай