Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

1400 вагон кезең-кезеңімен жөндеуден өтеді - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Нұрлы жол» вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм БАҚ өкілдеріне Беларусь Республикасының Гомель қаласында күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің мақсат – жолаушыларға сапалы қызмет көрсету. 2020 жылдың жазына дейін жеткілікті деңгейде вагондармен қамтамасыз етуге тиіспіз, сондықтан ескі вагондарды күрделі жөндеуден өткіземіз және жаңа вагондар сатып аламыз. Вагондардың сапасы жақсы болуына мән береміз, яғни жөндеу жұмыстарына экологиялық тұрғыда таза материалдар қолданылады», - дейді М.Кортюм.











Ол жақында 2020 жылға вагон сатып алуға тендер жарияланатынын айтты.

«Бүгін көрсетіп отырған екі вагон Гомель қаласында күрделі жөндеуден өтіп, Қазақстанға кеше жеткізілді. Жөндеу жұмысына шамамен 50 күн кетті. Жөндеу барысында вагондардың қаңқасы ғана қалып, қалған жері түгел жаңартылды. Купе вагондар плацкарт вагон болып өзгертілді, олар бұдан бөлек 35 вагонды жаңғыртады. Сондай-ақ биыл, 2020 жылы қосымша 50 вагонға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның қызмет көрсету уақыты тағы 16 жылға ұзартылады. Бұлар - 1980 жылы шығарылған. Ереже бойынша 28 жыл өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Жаңа вагондардың жататын, отыратын орындары, терезе жапқыштары, дәретханалары, жылыту жүйелері жаңартылған», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол бұл вагондар көмірмен де, электрикамен де жүретінін айтты.




















«2020 жылы тендер арқылы күрделі жөндеуден өткізілетін вагондар электрикамен жабдықталып, заман талабына сай болады. Жалпы шамамен 1400 вагонды кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 2200-ден астам вагон бар, оның ішінде 670-і – «Тұлпар-Тальго» вагоны», - дейді бас директор.














Жоғары қарай