Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

15 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 15 қараша 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 15 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен 15 қараша - Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сауық Тәкежанов еді.

Бүкіләлемдік философия күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) арнайы белгілеген философияға арналған мерекелік күн болып, әр жылдың қараша айының үшінші аптасының бейсенбісі белгіленген.

Бұл күн тұңғыш рет 2002 жылы 21 қарашада тойланған болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Ақмола қаласында Қазақ музыкалық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Ж.Омаров болды. Бүгінгі таңда театр репертуарында Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», М.Әуезовтің «Қарагөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», Ж.Мольердің «Скапенің айласы», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш», Б.Ұзақовтың «Үміт», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн», т.б. спектакльдері бар. Театрға 1993 жылы Қалибек Қуанышбаевтың есімі берілді.

1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді.

2013 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, еңбек сіңірген спорт шебері Виктор Сайко есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарында В. Сайко 20 алтын медаль жеңіп алды, екі мәрте Әлем, Еуропа, Азия және Еуразия рекордтарын орнатты.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі 5 мың теңгелік мерекелік күміс монета шығарды. Монетада «Қазақ елі» монументі мен ұлттық киім киген түрлі ұлттардың өкілдері бейнеленген. Монета шығып келе жатқан күннің бейнесімен безендірілген. Оның салмағы 777,5 грамм.

2018 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты міндеттемелерін басшылыққа ала отырып, Эритреядан санкцияларды алып тастау туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали мен Эритреяға қатысты санкциялар жөніндегі комитетін басқарды.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай