Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

15 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 15 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




128 жыл бұрын (1891-1948) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы ҚАШҚЫНБАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Орал реалдық әскери училищесін, Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі (Алашорда) мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мүшесінің орынбасары) болып сайланды. 1920 жылғы 21 маусымдағы Қазақ РК (б)П облыстық комитеті мәжілісінде «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде оны айрықша мінездемемен Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Халық атқару комитетінің ара түсуімен Ташкент қаласына жіберілді. 1920 жылы осында мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік мектебін ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол 30-жылдардың ортасында Ташкенттегі Семашко атындағы Функционалдық диагностика институтында бөлім меңгерушісі болды. 1938 жылғы 23 сәуірде «контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қылмысы дәлелденбегендіктен 1939 жылғы 1 желтоқсанда түрмеден босатылды. Соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген госпитальдарға жетекшілік етті. Соғыстан кейін Ташкентте Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.




72 жыл бұрын (1947) Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, дінтанушы, жазушы және сыншы Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969). 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым академиясы Мәскеу Шығыстану институтында аспирант. 1975-1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб Республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976-1977 жылдары ҚР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986-1988 жылдары КСРО ҒА Москва Шығыстану институтының докторанты. 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жылдары тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының ІІІ және ІҮ Құрылтайларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 жылдары Орталық Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 жылы тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бері.

Ә.Дербісәлі республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы құлыптастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді.

2003 және 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты.

Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстанда араб тілі мен әдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 жылы Египет Араб республикасының 1-дәрежелі «Ғылым және өнер» орденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы «Парасат» орденімен және 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалдерімен және 2007 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды, 2005 жылдың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы маслихының шешімімен «Түлкібас ауданының құрметті азаматы» және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының шешімімен «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтары берілді.




49 жыл бұрын (1970) Павлодар қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы НҮКЕНОВ дүниеге келген.

1970 жылдың 15 қыркүйегінде Палодар облысы Железин ауданының Захаровка ауылында туған. Жоғары білімді. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, мамандығы - экономист және ғалым-агроном. Қ.Нүкенов еңбек жолын Железинский ауданы «Железинский» кеңшарының №2 бөлімінде жұмысшы болып бастаған. 1992 жылдан шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жетекшілік еткен. 2012 жылы Павлодар облысы Железин ауданының әкімі болды. Ал осы тағайындауға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарып келді. Ақсу қаласының әкімі (2014-2016); Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі (2016-2018); Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2018-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың шілде айында кірісті.




47 жыл бұрын (1972) Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы Уәлихан Исаұлы АХМЕТОВ дүниеге келген.

С.Асфендияров ат. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығымен бітірген; Кемерово мемлекеттік университетін «Экономика және кәсіпорынды басқару» мамандығымен бітірген, экономист (1998).

Еңбек жолын Алматы қаласы ОҚКА санитар, орта буын медицина қызметкері, дәрігер болып бастаған; Алматы қалалық Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының жетекші маманы, басшысы, Алматы қаласы Медициналық қызметтердің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының директоры болып қызмет істеген; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Экономикалық саясат басқармасында Жүйелік зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаменті директорының орынбасары болған (2003 – 2004); ҚР Денсалық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (2005 -2006); ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту институтының жетекші ғылыми қызметкері, Ұлттық инновациялық қор Президентінің кеңесшісі, «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ вице-президенті (2006-2008); С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ-дың ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, жоспарлау және даму мәселелері жөніндегі проректоры (2008 – 2011); Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМҚК директоры, «Көз аурулары ҒЗИ» АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы, Еуразиялық денсаулық сақтау қауымдастығы Қадағалаушы кеңесінің төрағасы (2011 – 2013); Алматы «Оқу-клиникалық орталығы» филиалының басшысы (2015); Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2016 – 2017).

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Денсаулық сақтау министрінің қоғамдық денсаулық сақтау және МСАК бойынша ДДСҰ декларациясының 40 жылдығын ұйымдастыру жөніндегі кеңесшісі, ҚДСЖМ ҚМУ менеджменті кафедрасының профессоры, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы.

Қазіргі лауазымында 2018 жылдан бері.




43 жыл бұрын (1976) ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісі Александр Владимирович СУХАНОВ дүниеге келген.

Кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институтын экономист менеджер мамандығымен (1997), «Әділет» құқық жоғары мектебін ( 2001) бітірген.

1997-2004 жылдар аралығында медиа және талдау құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, 2004-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарында және орталық аппаратында жұмыс істеген.

2012 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде: ҚР Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Қазіргі лауазымына Мемлекет басшысының өкімімен 2018 жылдың қаңтар айында тағайындалған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай