Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

16 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылдың 16 ақпан 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 16 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




87 жыл бұрын (1933) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Жабайхан Мүбаракұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1986-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1996-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

2-ші дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.




60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ерлік Әбдірақымұлы КЕНЕНБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Жаңаөзен қаласы заң консультациясы адвокатының тағылымгері, Шевченко қаласы тергеушісінің тағылымгері, Маңғыстау облысы прокуратурасының аға тергеушісі (1985-1988); Талдықорған облысы Сарқан ауданы прокуратурасының тергеушісі (1988-1990); Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, ауданаралық табиғатты қорғау прокуроры (1991-1998); Бас прокуратура алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (1998-2000); Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары (2000-2002); Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы (2002-2005); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (2005 - 2007); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі (2007-2008): Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2008-2009); Алматы облысының прокуроры (2009-2012); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (2014-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2013); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен мапаратталған.




49 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы Қанат Серікұлы ҚАРАУЫЛОВ дниеге келді.

Целиноград облысы Атбасар қаласында туған.

Қазақ тұтыну кооперациясы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарында («Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ) басшылық және басқарушылық лауазымдарында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2019 жылдың шілде айынан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланғанға дейін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымын атқарды.

2019 жылғы 18 қазаннан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

39 жыл бұрын (1981) Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол Әлиақпарұлы ЕШПАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір қаласында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, заңгер (2000).

Еңбек жолы: Алматы қалалық сотында сот приставы, маман, жетекші маман (2002-2005); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жетекші маман – сот отырысының хатшысы, бас маман – сот отырысының хатшысы (2005-2008); Алматы қалалық сотының бас маманы (01.2008-12.2008); Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында сот (2008-2014); ОҚО Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы (2014); Түркістан облысы Келес аудандық сотының төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай