Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

16 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 16 қараша 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 16 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

ЮНЕСКО-ның туған күні

Осыдан 74 жыл бұрын 1945 жылы 16 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы құрылды. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды.

Төзімділіктің (толеранттықтың) халықаралық күні

«Төзімділік принцптері декларациясын» жариялау аясында 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-Бас конференциясында мереке болып жарияланды. 1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы ұйымға мүше елдерге бұл мерекені атап өтуді ұсынды.

«Төзімділік прицптері декларациясында» төзімділік немесе толеранттылық деген түсінік әлемдегі мәдениеттің бай алуан түрлілігіне, сондай-ақ адамдардың өз болмысын көрсету түрлеріне құрмет деп түсіндіріледі. Әр адам декларацияға сәйкес, өз табиғаты бойынша ерекшеленетінін, сондай-ақ өзінің жеке басын сақтауға және өмір сүруге бірдей құқылы екенін мойындауы тиіс.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Германиядағы Нюрнберг қаласы экономикалық даму және маркетинг гильдиясының Үлкен алтын медалі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді.

2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримов Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды.

2005 жылы Ақмола облысының Ақкөл қаласында «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесім орталығы» АҚ ұйымдастырған бірінші ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінің таныстырылымы өтті.

2007 жылы Алматы облысы, Сарқан қаласында аты аңызға айналған теміржолшы, Түрксібтің Шоқпар нұсқасындағы жобасының авторы мен орындаушысы Мұхамеджан Тынышбаевқа ескерткіш қойылды. Салтанатты бөлімнен кейін облыс әкімі, аты аңызға айналған теміржолшының ұрпағы және саяси қайраткерлер ескерткіш жанына ағаш отырғызды.

2009 жылы Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қазақ ақыны Әбділда Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған пошта маркасының таныстырылымы өтті. Шараға ақынның туыстары, әріптестері ақын-жазушылар қатысып, естеліктерімен бөлісті

2009 жылы Беларусьта Қазақстан студенттерінің кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты - Беларусьта шоғырланған қазақстандық студенттер қауымдастығын қалыптастыру.

2011 жылы Тәжікстанның Хатлон облысының орталығы Қорғантөбе (2018 жылы Бохтар болып өзгертілді) қаласында көшенің бірін «Қазахон» көшесі (Қазақ көшесі) деп атауға байланысты салтанатты шара өтті. Ол көшеде этникалық қазақтар тұрып келе жатыр.

2015 жылы Норвегия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды.

2015 жылы Лондонда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінің жинағы «Leadership Perspectives» кітабы жарық көрді. Кітап ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта халықаралық саясаттың өзекті проблемалары, Қазақстанды жаңғырту мен экономикалық дамыту, институционалдық реформалар секілді көптеген өзекті мәселелер туралы сөйлеген сөздері мен баяндамаларын қамтиды. Жинаққа Ұлт көшбасшысының күнделікті қызметін көрсететін 30-дан астам фотосурет енген, соның 18-і шет мемлекеттер басшыларымен кездесу кезінде түсірілген.

2016 жылы «Қазпошта» Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арналған маркалар шығарды. Пошта маркаларына 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері: олимпиада чемпиондары — Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин және Нижат Рахимовтың; күміс медаль иегерлері — Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов және Әділбек Ниязымбетовтің бейнесі түсірілді. Маркалар 40 мың данамен шығарылды. Номиналы — 200 теңге.

2017 жылы Жапонияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында Токио орталық кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай