Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

16 қараша. Туған күн иелері

2019 жылдың 16 қараша 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




82 жыл бұрын (1937) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владислав Борисович КОСАРЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1968) және КОКП ОК Жоғары партия мектебін сырттай бітірген (1972). 1954-1956 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында тракторшы. 1956-1959 жылдары Кеңес Армиясында қызмет өткерген. 1959-1961 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында жүргізуші, комсомол комитетінің хатшысы. 1961-1968 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Мичурин», «Володар», «Червонный» кеңшарларында партия комитетінің хатшысы. 1968-1970 жылдары - Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1970-1974 жылдары - ҚЛКЖО Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1974-1980 жылдары - Көкшетау облысы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1980 - 1990 жылдары - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Көкшетау облыстық комитетінің төрағасы. 1990-1997 жылдары - Көкшетау облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Көкшетау қаласындағы «Interteach» Қазақ ұлттық денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру корпорациясы өкілдігінің директоры. 1990 - 2004 жылдары - Ақмола облысының № 1 округінен сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. 2004-2013 жылдары - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК бірінші хатшысы (жетекшісі). 2013 жылдан бастап - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК құрметті хатшысы. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері. ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.




44 жыл бұрын (1975) ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы БЕКЕТАЕВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Бристоль университетін (Ұлыбритания), Оксфорд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

1996-2001 жылдары - ҚР Ұлттық құнды қағаздар комиссиясының лицензиялау және қадағалау департаментінде жетекші маман, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары міндетін атқарушы. 2001-2004 жылдары - ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары - ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі банктерді қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2005-2010 жылдары - қаржы органдарындағы, ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіндегі қызмет. 2011 жылғы мамыр-тамыз - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2011-2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2014 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы шілдеден бері.




44 жыл бұрын (1975) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Жылқышыбайұлы ӘБДУӘЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан бастаған. Кейінірек Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметтер атқарған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгерушісі болды. 2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры; 2015-2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған. Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1 маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2018-2019 жылдар аралығында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамызынан.




44 жыл бұрын (1975) Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің басшысы, кәсіпкер Әскер Аллабердіұлы ПИРИЕВ дүниеге келді.

Ол 1992-1995 жылдары Шымкент энергетика және бизнес колледжінде «экономика және менеджмент» мамандығын игеріп шықты. 2001 жылы «Тұран» университетін халықаралық экономика және бизнес мамандығымен, 2013 жылы Қазақ технология және бизнес университетін экономикалық ғылымдарының магистрі дәрежесімен тәмамдады.

Еңбек жолын 1995 жылы «МТК ХИЛАЛ» ЖШС-дан бастаған. 1998-2003 жылдары «Ак-пласт инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары, 2003-2011 жылдары «Әлем-Систем» ЖШС бас директоры болған. 2011 жылдан бері «Алуана» ЖШС директоры, «Тенгри» қонақүйінің директоры.




36 жыл бұрын (1983) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жұманғалиұлы СӘПИЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында әскери борышын атқарған. 2003-2009 жылдары Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған. 2004-2014 жылдары келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған. 2010-2012 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның спорт жөніндегі директоры. 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы. 2014-2017 жылдары – ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры. 2017-2019 жылдары– VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қаңтарынан.

2008 жылы «Парасат», 2012 жылы «Отан» ордендерімен, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай