Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

16 қазан күні Қазақстанда жел соғып, жаңбыр жауады

2019 жылдың 15 қазан 2019 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қазан күні Қазақстанда екпінді жел соғып, жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Көкшетауда тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.

Қостанайда 16 қазан күні күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде. Желдің екпіні – 18 м/с.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай