Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

17 қазан. Туған күн иелері.

2019 жылдың 17 қазан 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 17 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




63 жыл (1956) бұрын Атырау облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Ислямұлы ДҮЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Инженер-механик, заңгер-құқықтанушы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың шілдесінен бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.




63 жыл бұрын (1956) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Төлебай Әжібекұлы ҚОЖАН дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982 жылдан Торғай облыстық сотында тағылымдамашы. 1983 жылдан - Гурьев қаласы сотының судьясы. 1990 жылдан - Шымкент облыстық сотының мүшесі. 1995 жылдан - Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы. Қазіргі қызметінде - 1996 жылдан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, ҚР Жоғарғы соты мен ҚР судьялар одағының құрмет грамоталарымен марапатталған.




50 жыл бұрын (1969) Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қанатұлы ҚАЙНАРБЕКОВ дүниеге келді.

1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген; 2004 жылы экономист мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген; 2011 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1986-1998 жылдар аралығында мұғалім, 1998-2001 жылдары «Эльдорадо» ЖШС менеджері; 2001 - 2002 жылдары - Талдықорған қаласы әкімі аппаратының өндіріс, көлік және байланыс бөлімінің бастығы; 2002 - 2004 жылдары - Көксу ауданы әкімінің орынбасары; 2004 - 2010 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары; 2010 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды. 2012 - 2013 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары Текелі қаласының әкімі. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы қарашадан бері.




49 жыл бұрын (1970) қазақ эстрада және опера әншісі Толқын Тоқтаубайқызы ЗАБИРОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын (2000) бітірген.

1993-1995 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокалдық-педагогикалық практика пәнінің оқытушысы.

«Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996), және «Әлібек Дінішевтың театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада конкурстарының лауреаты.




30 жыл бұрын (1989) «Тұрғын үй құрылысының кепілдендірілген қоры» АҚ басқарма төрағасы Дулат Алмасұлы ЖАРЛЫҚАПОВ дүниеге келген.

Заңтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2010); акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2012); Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін (2014); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесінің магистрі дәрежесімен (2018) бітірген.

Еңбек жолы: «Қазарнайыэкспорт» РМК бас маманы (2012-2013); «МК Технострой сервис» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары (2013-2014); «ПТС-Ком» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары (2015-2016); Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК Бас директоры (2016-2017); «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарушы директоры, «Тұрғын үй құрылысын кепілдеу қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2018).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай