Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

18 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 18 қазан 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 18 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Рухани келісім күні

1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің І әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991)

Әзербайжан - Кавказ аймағында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстігінде Иранмен, батысында Армениямен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Мемлекеттік тілі - азербайжан тілі. Ақша бірлігі - манат.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1939 жылы Қарағанды ​​облысының Ұлытау ауданы құрылды. Ауданның әкімшілік орталығы - Ұлытау ауылы. Ол облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, Ұлытау жотасының шығыс бөктерінде, теңіз деңгейінен 800 м биіктікте, кіші өзеннің сол жағалауында - Қара-Кеңгір өзенінің саласында орналасқан. Аудан 15 ауылдық округтен, 25 елді мекеннен тұрады.

1992 жылы Алматыда рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгресс өтті. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, ТМД елдерінен дүние жүзіндегі аса ірі діни ағымдардың өкілдері, танымал рухани ілім басшылары, ғалымдар, жазушылар, оқу-ағарту және мәдениет қайраткерлері келді.

1994 жылы 18-19 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұлда өткен түркітілдес мемлекеттер (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия) басшыларының жоғары дәрежедегі екінші басқосуына қатысты. Кездесуде Ыстанбұл декларациясы қабылданды.

1997 жылы Алматыдағы 8 март көшесіне ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.

2010 жылы Іле ауданының Көкбастау шатқалында қоғамдық халықтық қайырымдылыққа салынған Қабліс жыраудың кесенесі ашылды. Қабан (Қаблиса) жырау - ұлттық әдебиеттің ірі өкілдерінің бірі, Ұлы даланың кең даласының рухтандырушы әншісі болған. Ол қазақ жерлерін шапқыншылықтардан азат еткен халық батыры болды.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан 500 және 50 теңгелік «Айтыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығара бастағанын хабарлады. Бұл «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастыратын монеталардың алтыншы жұбы болып отыр.

2011 жылы Анкарада «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен қазақтың халық композиторы, белгілі күйші «Дина Нұрпейісова саябағының» ашылу салтанаты болды.

2013 жылы Таразда облыс орталығының батыс жағында, Қаратау тас жолының бойында орналасқан ежелгі Төрткүл керуен сарайы қалпына келтірілді.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Ақмола облысының Ерейментау қаласында 45 МВт жел электр стансасының (жел паркі) құрылысының басталуымен тұспа-тұс келген капсуланы салтанатты түрде салу рәсімі өтті.

2016 жылы еліміздің ірі мегаполисінде Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия және Бельгия елдерінен келген 107 шахматшы қатысқан халықаралық «Алматы Опен-2016» турнирі өз мәресіне жетті. Турнир жеңімпазы - қостанайлық шахматшы Петр Костенко (7,5 ұпай), ол Алтын медаль мен 450 мың теңге көлемінде сыйақыны иеленді.

2017 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды.

2017 жылы Оман Сұлтанаты үкіметі Қазақстан азаматтарына визалық режимді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұдан былай Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда немесе Шенген аумағы бойынша визасы немесе тұруға рұқсаты бар қазақстандықтар Омандық туристік визаны 30 күнге дейін шақыртусыз алады. Негізгі талап: қайту билетінің болуы және қонақ үйден брондауды растау.

2018 жылы Каирде «Сұлтан Бейбарыс» мешіті қайта жөнделе бастады. Жалпы құны 12 миллион долларды құрайтын мешітті қайта құру үшін Қазақстан үкіметі 4,5 миллион доллар бөлді.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай