Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

19 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 19 қараша 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 19 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық ерлер күні

Алғаш рет Ерлер күнін 1999 жылы Тринидад пен Тобаго Республикасының тұрғындары атап өтті. Содан бастап ЮНЕСКО-дан қолдау тауып, бұл күнді атап өтуге өзге елдер де қосыла бастады.

Кәсіпкер әйелдер күні

2014 жылдан бастап жыл сайын мерекеленуде. Америкалық жазушы, үй жануарларына қатысты бірқатар компанияның иегері Венди Даймонд негізін қалаған. Гондурасқа барған сапарында ол Adelante ұйымында ерікті болды. Жалақысы төмен әйелдерге шағын кредит ұсынды. АҚШ-қа оралғаннан кейін ол кәсіпкер әйелдер күнін мерекелеу идеясын ұсынды. Бұл халықаралық мереке алғаш рет Нью-Йоркте БҰҰ бастамасымен өтті. қосымша шаралар әлемнің 144 елінде ұйымдастырылды.

Қазақстан Қарулы Күштері Зымыран әскерлері және артиллерия күні

Зымыран әскерлері және артиллерия - қазақстандық әскерде олар қарсыласты атыспен зақымдауда тапсырмалардың негізгі бөлімін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі атыс күші.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2006 жылы 19-21 қарашада Кувейтте жоғары білім мәселелеріне арналған Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) жанындағы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) ІІІ сессиясы өтті. Оған 56 мұсылман мемлекетінің өкілдері қатысты. Жиналыс мақсаты - оларды әлемдегі неғұрлым атақты ЖОО тізіміне енгізу мақсатымен ИКҰ-ға мүше елдердің үздік 20 университетін анықтау. Үздік оқу орындары қатарына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де енді.

2010 жылы Немат Келімбетовтің неміс тіліне аударылған «Үміт үзгім келмейді» атты романы Еуропаның Франц Кафка қоғамының марапатына ие болды. Туынды қытай және түрік тілдеріне де аударылды.

2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып университет инфрақұрылымы деректерін (data center) өңдейтін және сақтайтын орталықты іске қосты.

2012 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылды.

2012 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) бірінші брифингі өтті.

2014 жылы Мадридте ГУЛАГ жүйесінің лагерінде жазасын өтеген испандықтар туралы «Olvidados de Karaganda» деректі фильмі көрсетілді.

2015 жылы елорданың «Астана» халықаралық әуежайында тұңғыш бизнес-авиация терминалының ашылу рәсімі өтті. Үш мың шаршы метрге жуық алаңда орналасқан жаңа терминал сағатына 200 жолаушыны өткізе алады. Терминал ғимаратында конференц-зал, келіссөздер өткізуге арналған бөлмелер, сондай-ақ, 30 орындық көлік тұрағы бар. Бизнес-авиация терминалында чартерлік рейстерге қызмет көрсетіледі.

2018 жылы Қазақстан алғаш рет Одивелаше (Португалия) қаласында өткен парадзюдо бойынша Әлем чемпионатында алтын медаль алды. Алтыннан алқа таққан Олжас Оразалыұлы. Чемпионатқа әлемнің 42 елінен 267 дзюдошы қатысты.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай