Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

19 қараша. Туған күн иелері

2019 жылдың 19 қараша 2019 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырманға есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




71 жыл бұрын (1948) «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті Александр Иосифович БАРОН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойыншы бітірді.

Еңбек жолын 1972 жылы теміржол ауруханасында педиатр-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, ине терапевті болып бастаған. 1992 жылдан бері «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті. 2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары, «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлесітігі кеңесінің төрағасы.




63 жыл бұрын (1956) ҚР-ның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері Ермұхамет Қабидинұлы ЕРТІСБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтында ассистент болып бастаған. Ломоносов атындағы ММУ-де стажер-оқытушы болды, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.

1990-1994 жылдары - Республика Жоғары Кеңесінің депутаты. 1994-1998 жылдары - Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 1998-2000 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі. 2013-2017 жылдары ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 2017-2019 жылдары ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі.

«Құрмет», «Парасат»» және ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.




57 жыл бұрын (1962) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мұхаметбайұлы МЫҢБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-министр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болды. 2001 - 2002 жылдары «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жылдары - «Каспий Өнеркәсіп - Қаржылық тобы» ЖШС бас директоры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004 жылғы желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006-2007 жылдары «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі. 2013-2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылғы қарашадан бері.

ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.




57 жыл бұрын (1962) ҚР мемлекеттік қайраткері Нұрлан Шәдібекұлы АЛДАБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2012-2017 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі – министр. 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2019 жылдың наурыз-шілде айларында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.




52 жыл бұрын (1967) ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Ескендірұлы БАЕДІЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Кеген селосында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (1991); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2003) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы (1991-1994); Алматы облысы бойынша ҚР Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы (1994-1996); Алматы облысы бойынша ҚР Қаржы министрлігіне қатысты Қаржы-валюталық бақылау комитетінің басқарма бастығының орынбасары (1996-1998); ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы (1998-1999); Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (1999-2002); Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (2002-2003); Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы (2003-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары (2008-2009). ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы (2009-2014), ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің төрағасы (2014-2017). Қазіргі қызметінде 2017 жылғы мамыр айынан бері.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай