Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

19 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




114 жыл
бұрын (1905-1983) ақын Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ташкент политехникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. 1928 жылдан бастап өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары жеке кітап болып басылып шықты. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі», «Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица», «Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» поэмаларының, «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» тағы басқа әнге арналған өлеңдерінің, Ыбырай Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісінің қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» (О.Бодықовпен бірге), «Қарбаласта» повестері мен романдарының, «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. «Екі заң», «Сайлау», «Алдар Көсе», «Бір семья» атты пьесалары бар. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Қазан төңкерісі, І дәрежелі Отан соғысы, үш рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.





46 жыл
бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Витальевна БЮРАБЕКОВА дүниеге келді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтады. 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын фармация мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын менеджмент мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласы, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы клиникалық ауруханада клиникалық фармаколог-дәрігер болып бастады. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының стратегиялық даму және дәрілік саясат жөніндегі орынбасары. 2009-2010 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың сапасы мен пайдаланылуын бақылау басқармасының бастығы. 2010 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2011 жылы Астана қаласы, Республикалық балаларды оңалту орталығының стратегиялық даму және пациенттердің қауіпсіздігі басқармасының бастығы. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас менеджері. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Астана қаласы, Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры. 2013-2014 жылдар аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығының оқу-клиникалық бөлімінің бастығы. 2014 жылы Астана қаласы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының вице-президенті. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы. 2015 жылдан бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары. 2017 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.




41 жыл
бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары Дархан Аманбекұлы МЕДЕУБАЙ дүниеге келді.

Білімі жоғары: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, инженер; Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, қаржы бакалавры. Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қалалық салық комитетінде бас маман болып бастады. 2005-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2009-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының көмекшісі, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Ұйымдастыру-партиялық жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының көмекшісі, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мәжіліс Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының инспекторы. 2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2016 жылдың маусым айынан бастап - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай