Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

20.02.2020: Бүгін Қазақстанда қанша жұп неке қиды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 20 ақпан күні Қазақстанда 834 жұп отбасын құрды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, биыл неке қиғандар өткен жылмен салыстырғанда 593 жұпқа көп. 2019 жылы дәл осы күні 241 неке тіркелген. Сонымен бірге, бұл күні жас жұбайлар некесінің көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды ​​облысында қиылған.

Алматы қаласында (165), Нұр-Сұлтан қаласында (123), Қарағанды ​​облысында (103), ең аз жұп Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп (8-9 жұп) отыр.

ҚР Әділет министрлігінің АХАЖ мәліметтеріне сәйкес, жас жұбайлардың жас шамасы мынадай: ең жас жұп 16-22 жаста (қалыңдық - 16 жаста, күйеу жігіт - 22-де), ең жасы үлкен жұп 65-70 жаста (қалыңдақ - 65, күйеу жігіт - 70 жаста).

ЕGov порталы арқылы некеге тұруға өтініш берген жұптар саны 122 болған. Ал жыл басынан бері 15 мың неке қиылған. Қыс айларында күн сайын шамамен 200-ге жуық неке тіркеледі.

Жас жұбайлар арасында осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау көбінесе жазға сәйкес келеді. Мысалы, 08.08.2008 жылы 2044 неке тіркелген болатын.


Жоғары қарай