Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

20 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 00:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондары және атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста - жауын-шашын болады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста қар жауады, оңтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл, Түркістан ​​облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады, Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 17-22 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай