Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

20 қаңтар. Туған күн иелері

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 08:08 816

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



nullЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1959) Жамбыл облыстық әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

1981 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын «инженер-механик» және 1991 жылы Алматы басқару және саясаттанушы институтын «саясаттанушы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында Коммунар совхозының инженері болып бастаған. 1983-1989 жылдары Сарысу аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 1989-1991 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1991 жылдың шілде-қараша аралығы Сарысу аудандық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, 1991-1992 жылдары Сарысу аудандық агрошаруашылығы бірлестігінің «Алма» Республикалық тауарлар биржасының брокері, 1992-1993 жылдары Сарысу ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994-1996 жылдары «Дәулет» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры, 1996-1998 жылдары «Әулие-Ата құсы» АҚ-ның бас инженері, 1998-1999 жылдары «Эльжан и К» ЖШС-ның президенті, 1999-2004 жылдары Сарысу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2004-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің «Оңтүстік» аймақтық бақылау инспекциясы автомобиль көлігін бақылау бөлімінің бастығы, 2010 жылдың ақпан-қараша аралығы Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Сарысу ауданының әкімі. 2012 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың ақпаны аралығында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2015 жылдың 19 ақпанынан - облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы.

58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары Қалия Омарқызы БАТАЕВА дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1983); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін (2000) бітірген.

​Еңбек жолы: ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік және гинекология ҒЗИ лаборанты (1977-1978); Қазақстан Республикасы Білім министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазМУ химиялық факультетінің хатшысы, лаборанты, аға менеджері, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері (1978-1995); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қ. Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау басқармасының жылжымайтын мүлікті кепілге беру және нарық жағдаяты бөлімінің меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары (1995-2007); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қ. Әділет департаменті жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау бөлімінің тіркеушісі, басшының орынбасары, басшысы, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы, зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімінің бас маманы (2007-2010); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК Алматы қ. филиалы директорының орынбасары директоры (03.2010 - 08.2015);

Қазіргі лауазымын 2015 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

56 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Асқаржан Қапезұлы КЕНЖЕҒАРИН дүниеге келген.

Жоғары заңгерлік білімі бар. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1989 жылы Шұбартау аудандық нотариаттық кеңсесінің нотариусы лауазымынан бастаған.

1992-1996 жылдары Семей облысы Аягөз халық сотының атқарушылық және әкімшілік істер жөніндегі судьясы. 1996 жылдан бастап 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау аудандық сотының төрағасы. 1998-2015 жылдары ШҚО сотының судьясы. 2015 жылғы ақпаннан бастап Астана қаласы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай