Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

20 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




61 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының президенті Қозы-Көрпеш Жапарханұлы КӘРБОЗОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1981) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; КСРО Прокуратура институтының Харьков филиалын (1985); Мәскеу КСРО прокуратурасы басшы кадрларының біліктілігін жетілдіру институтын (1989); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: Жамбыл облысы Шу ауданы Атқарушы комитетінің жауапты хатшысы (1981-1982); Мойынқұм ауданы прокурорының көмекшісі (1982—1988); Жамбыл облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры (1986-1988); Қазақстан Республикасы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры (1988—1989); Қызылорда облыстық прокуратура тергеу бөлімінің бастығы, облыс прокурорының орынбасары (1989—1994); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы (1994); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы мемлекеттік биліктің жоғары эшелондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокурор (1994-1995); Ішкі істер министрлігі органдарында, Мемлекеттік тергеу комитеті мен анықтаудың жедел қызметтерін қадағалау жөніндегі басқарма, салық қызметі, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Кеден комитеті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Бас басқармасының бастығы (1995-1997); Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің бастығы (1997-1998); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы (1998-2000); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментінің бастығы (2000-2003); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (2003-2007); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2003-2007); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Шекаралық бақылау комитетінің вице-министр-төрағасы (2007-2011).

Қазіргі қызметінде 2013 жылдың қазан айынан.

I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен (2004,2009), медальдармен марапатталған.




61 жыл бұрын (1959) Жамбыл облыстық әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

1981 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын «инженер-механик» және 1991 жылы Алматы басқару және саясаттанушы институтын «саясаттанушы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында Коммунар совхозының инженері болып бастаған. 1983-1989 жылдары Сарысу аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 1989-1991 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1991 жылдың шілде-қараша аралығы Сарысу аудандық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, 1991-1992 жылдары Сарысу аудандық агрошаруашылығы бірлестігінің «Алма» Республикалық тауарлар биржасының брокері, 1992-1993 жылдары Сарысу ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994-1996 жылдары «Дәулет» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры, 1996-1998 жылдары «Әулие-Ата құсы» АҚ-ның бас инженері, 1998-1999 жылдары «Эльжан и К» ЖШС-ның президенті, 1999-2004 жылдары Сарысу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2004-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің «Оңтүстік» аймақтық бақылау инспекциясы автомобиль көлігін бақылау бөлімінің бастығы, 2010 жылдың ақпан-қараша аралығы Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Сарысу ауданының әкімі. 2012 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың ақпаны аралығында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2015 жылдың 19 ақпанынан - облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы.




57 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Асқаржан Қапезұлы КЕНЖЕҒАРИН дүниеге келген.

Жоғары заңгерлік білімі бар. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1989 жылы Шұбартау аудандық нотариаттық кеңсесінің нотариусы лауазымынан бастаған.

1992-1996 жылдары Семей облысы Аягөз халық сотының атқарушылық және әкімшілік істер жөніндегі судьясы. 1996 жылдан бастап 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау аудандық сотының төрағасы. 1998-2015 жылдары ШҚО сотының судьясы. 2015 жылғы ақпаннан бастап Астана қаласы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.




55 жыл бұрын (1965) Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі Балғабай Жұмағұлұлы ИБРАЕВ дүниеге келді.

Павлодар педагогикалық институтын Биология және ауыл шаруашылық негіздері мамандығы бойынша (1990) , Екібастұз инженерлік-техникалық институтын Өнеркәсіп жылу-энергетика мамандығы бойынша (2004), Еуразиялық Инновациялық университетінің Жергілікті мемлекеттік басқару мамандығын (2016) тәмәмдады.

Еңбек жолы: токарь (1981); жалпы орта білім беру мектебінде биология және мал шаруашылығы бойынша оқытушы (1990-1991); Ермак ГРЭС-те ұста (1991-1994); Ақсу қалалық әкімшілікте сәулет, қала құрылысы және коммуналдық-шаруашылық бөлімінде маман, Ақсу қала әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық бойынша маман, әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымның коммуналдық –шаруашылық, сәулет және құрылыс бөлімінде бас маман, механик, «Металлург» пәтер меншігі бойынша кооперативінің төрағасы, қалалық коммуналдық–шаруашылық және өндіріс саласындағы басқармасының бастығы; Ақсу қалалық коммуналдық –шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы (2005-2008); Ақсу қаласының «Горводоканал» коммуналдық кәсіпорын директоры (2008-2011); Ақсу қала әкімінің орынбасары (2011-2015); Шарбақты ауданының әкімі (2015-2018).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қараша айынан.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай