Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

200 тотықұсты елге алып кірмек болған қазақстандық әйел ұсталды

2019 жылдың 22 мамыр 2019 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік шекараны қорғау қызметі аясында шекарашылар өткен тәуліктерде жанармай, халық тұтыну тауарларын, тіпті екі жүз тотықұсты заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сарыағаш («Б. Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу бекеттері) және Ақтөбе («Жайсан» бекеті) учаскелерінде 1 500 литр дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды.

Орал шекара жасағы учаскесінде 900 кг сиыр етін, 3 000 000 теңгенің құрылыс материалдарын, 20 тонна жемісті, 18 тонна қантты, Ақтөбе учаскесінде 100 кг тоқыма өнімдерін, 11,5 тонна көкөністі (қияр, қызанақ, пияз) Қазақстанға заңсыз алып кіруге, сондай-ақ Қостанай учаскесінде 31 тоннадан асатын халық тұтынатын тауарларды алып шығуға жол берілмеді.

Бұдан бөлек, Қырғыз Республикасынан 200 тотықұсты елге заңсыз жолмен алып кірмек болған 1975 жылы туған ҚР азаматшасы ұсталды.

Жоғары қарай