Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

2019 жылы Алматыға қанша шетелдік келді

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 18:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Былтыр Алматыға 249 112 шетел азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті өкілінің айтуынша, шетелдіктердің барлығы мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын сақтай бермейді.

«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 32 мың 56 адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 7 мың 828-і шетел азаматтары. Әкімшілік тәртіпке сәйкес, 2 мың 48 шетелдік елден қуылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін еңбекке тарту ережелерін бұзған 325 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды. Салынған айыппұл мөлшері 155 миллион 62 мың 71 теңгені құрады.

Спикердің мәліметі бойынша, былтыр қаланың Алатау ауданындағы еңбек мигранттарына қызмет көрсететін Көші-қон қызметі орталығына 231 мың 876 шетелдік тіркелген, еңбек мигранттарына жеке тұлғаларда еңбек етуге 57 мың 253 рұқсат берілді және ұзартылды.


Басты сөздер: Алматы, Заң,
Жоғары қарай