Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

2020 жылдан бастап мыңнан аса ауылдық округ бюджеттің IV деңгейіне өтеді – министр

2019 жылдың 18 қараша 2019 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2018 жылдан бастап бюджеттің IV деңгейі халық саны 2 мыңнан асатын 1055 ауылдық округте енгізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бүгін маңызды мәселе қарастырылуда, яғни ол Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі. Өзін-өзі басқарудың негізгі элементі – дербес бюджет. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін құрудың негізгі мақсаты – мәселелерді шешуде өзін-өзі басқару органдарының дербестігін арттыру. Бұл ретте қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындары арқылы нақты аумақ тұрғындарының мүдделері ескеріледі. Бұл шара Ұлт жоспарының 98-қадамын орындау үшін көзделген. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде дербес бюджет енгізілді, ол кезең-кезеңмен жүргізілуде», - деп тоқталды министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамыту жөнінде одан әрі шаралар пысықталуда. Ол Мемлекет басшысының сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру үшін атқарылуда.

«Бұрын бюджеттік жүйе үш деңгейден болған: республикалық бюджет, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті және аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала бюджеті). Ауылдық округтер (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кент, ауылдық округтер) аудандық бюджеттен қаржыландырылған. Енді 2018 жылдан бастап жаңа бюджеттің IV деңгейі енгізілді. Бұл аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті. Қазір 1055 осындай бюджет бар. Яғни, бюджет жүйесі төрт деңгейлі болды», - деп атап өтті Р. Дәленов.

Ведомство басшысының айтуынша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджетті IV деңгейі халық саны 2 мыңнан асатын 1055 ауылдық округте енгізілді. Бұл қазіргі барлық ауылдық округтердің 44 пайызын құрайды. 2020 жылдан бастап қалған 1 338 ауылдық округте енгізілетін болады.

«Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру үшін не қажет? Бұл ең алдымен кірістерді қалыптастыру, шығыстарды бөлу, сондай-ақ коммуналдық меншікті басқару. Бюджет кірістері 7 түрлі салықтық түсімдерден, түрлі төлемдерден, айыппұлдар мен аудандық бюджеттен бөлінетін трансферттерден құралады. Олар ауыл бюджетіне тікелей түседі. Шығыс бөлігі бойынша 19 бағытта өкілеттіктер пайда болды. Бұдан басқа, «жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі» институты құрылды», - деді Руслан Дәленов.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Парламент, Бюджет,
Жоғары қарай