Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1334 ауылда бюджеттің 4 деңгейі енгізіледі

2019 жылдың 19 маусым 2019 11:40 2236

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін іске асырудың қорытындысы бойынша урбанизация деңгейі 58 пайызға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға артық. 2018 жылы қалаларда орталық сумен жабдықтау 94,5, ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу шамамен 60 пайызға ұлғайды», - деді ол.

Министрдің дерегінше, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд теңгеге бюджеттік кредит берілді.

«2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда», - деді Руслан Дәленов.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, ЖӨБ бюджетінің басты ерекшелігі - жергілікті мәселелерді шешуге 7,6 млн. азаматтың қатысуы. ЖӨБ органдарының тұрақты дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету үшін қосымша салық және басқа да түсімдерді беру арқылы ЖӨБ-тің табыс көзін арттыру, әкімдер мен олардың әкімшілік қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

Жоғары қарай