Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

2020 жылы ауыл-аймақта «халық қатысатын бюджет» енгізіледі

2019 жылдың 14 қазан 2019 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020 жылы «халық қатысатын бюджеттер» енгізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттары ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, елді мекендерде, халық саны 2 мыңнан асып жығылатын ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің жобасы және олардың атқарылуы туралы есептер жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарында тұрғындар тарапынан талқыланады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, 2018 жылы жергілікті қоғамдастықтардың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін талқылау бойынша 7 мыңнан астам жиын өтті», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдердің халықпен есепті кездесуі дүркін-дүркін өткізіліп тұрады. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде бюджеттік ашықтығы мен айқындығын арттыру жұмыстары да жалғасады.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттердің бірі - шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасында да айтылған болатын. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының бюджет жөніндегі оң тәжірибесін өзге де өңірлерге тарату жоспарланған. Қазіргі уақытта Үкімет өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қалаларда «халық қатысатын бюджетті» 2020 жылдан бастап енгізу бойынша әдістерді дайындау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл үшін жергілікті бюджетті әзірлеу ережесіне толықтырулар енгізіледі. Осы жылыдң соңына дейін ереже бекітіледі», - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің атап өтуінше, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, елді мекендер мен ауылдық окургтерде «халық қатысатын бюджет » жергілікті тұрғындармен жергілікті өзін-өзі басқару жобаларын талқылау арқылы жүзеге асырылады.

«Жалпылай алғанда қабылданатын шаралар мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде бюджет ашықтығын арттыруға септігін тигізеді», - деді ол.

Жоғары қарай