Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

2020 жылы көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 327 млрд теңге бөлінеді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 16:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атаулы әлеуметтік көмек алып отыратын отбасылардың еңбекке жарамды мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Ал бұл талаптан қандай санаттағы азаматтар босатылады? Ол туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедек жандарға, еңбекке жарамды болғанымен оқуда жүрген және күтіммен айналысып жүрген кісілерге мұндай талап қойылмайды. Яғни, үш жасқа дейінгі баланы немесе отбасында мүгедек туысын қарап отырған адамға, отбасында ересектерінің бірі бірінші және екінші топтағы мүгедек болса, күтімді талап ететін қариясы болса – онда жұмысқа орналасу бойынша мұндай санаттағы азаматтарға шарт болмайды», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Біржан Нұрымбетов 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 327 миллиард теңге көзделгенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі АӘК алып отырған отбасының еңбекке жарамды мүшесіне ыңғайлы әрі мамандығына сай жұмыс ұсынылатынын мәлімдеген болатын.


Жоғары қарай