Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

2020 жылы табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынады

2020 жылдың 1 қаңтар 2020 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар коммерциялық банктен кепілсіз несие ала алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге болып белгіленген.

Сонымен бірге, жұмыссыздар да бұл несиені ала алмайды, себебі соңғы 3-12 айдағы ресми табыс көзін көрсету міндеттелген.

Несие 3 ай немесе 90 күннен артық төленбеген жағдайда банктерге өсіпмұлды арттыруға тыйым салынады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Банктер,
Жоғары қарай