Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

2021 жылға дейін 9 мың жас маман жалға берілетін пәтермен қамтылады - вице-министр

2020 жылдың 18 ақпан 2020 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы жариялаған Жастар жылы шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй проблемасын шешу бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019-2021 жылдары 9 мыңнан астам жас буынды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. Олар осындай тұрғын үйде тұрып, 5 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша өз баспанасына деп қаражат жинауы тиіс. 2019 жылы осындай пәтер 3004 қатысушыға берілді», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму біріншң вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ол ел азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Ауызсуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2019 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша құны 125 млрд теңге болатын 400-ден астам жоба іске асырылды. Бұл халықты қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейін 97,2%-ға және ауылдарда 86,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Биыл осы көрсеткішті қалаларда 97,5%-ға және ауылдарда 87,7%-ға дейін жеткізу жоспарланған», - дейді ол.


Жоғары қарай