Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

2022 жылға қарай шикізат емес экспорттың үлесі 1,5 есе өсуі тиіс - Серік Құсайынов

2019 жылдың 14 қазан 2019 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экспорт үшін маңызды елдер бестігінде бірінші орында Қытай тұр.

- Бүгінгі форумда стандарттау саласы қазақстандық компанияларға, көрші мемлекеттегі бизнес-серіктестерге қандай жәрдем көрсете алатыны талқыланады. Көрші меклекеттер ішіндегі ең үлкені - Қытай, сондықтан еліміздегі өндірушілер ол жаққа қандай өнімдер өткізе алатынын талдап, тұжырым жасаймыз, - дейді ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов.

Ұлттық экспорт стратегиясын дамыту шеңберінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 2022 жылға қарай 1,5 есе өсуі тиіс.

- Қытайға тауар өткізу өте қиын, сол себепті олардың заңнамасын дұрыстап талқылауымыз керек. Қазіргі таңда елімізде керемет тауарлар шығарылып жатыр. Президент Жолдауында айтылып өткендей, шикізат емес, дайын тауарларды өткізу мәселесі көтеріліп жатыр, - дейді Серік Құсайынов.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда және сыртқы сауда қызметі саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі міндеттерді шоғырландырады. Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеу ҚР дамуының стратегиялық маңызды векторы - экспортқа назар аударуға мүмкіндік берді.

Автор: Зарина Қаһарман

Басты сөздер: Қытай, Өнеркәсіп, Экономика,
Жоғары қарай