Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

2023 жылға дейін Астана маңайында 40 дәрігерлік амбулатория ашылады

2019 жылдың 1 наурыз 2019 22:13 933

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын елордаға 50-60 мың адам келіп қосылады және бұл медициналық ұйымдарға ауыр жүктеме салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты.

Тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімті ету үшін Астанада учаскелер саны артты.

«2018 жылдың басында 1 дәрігерлік учаскеге 2200 адамнан келетін. Сондықтан қосымша тағы 134 учаске ашылды және қазір 1 учаскеде 1700 адам бар. Сонымен бірге, тұрғындардың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігін арттыру үшін әкімдік «Үйдегі дәрігер» жобасын іске асыруды бастады», - деді Әлия Рүстемова Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, «Үйдегі дәрігер» - тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында ашылатын ықшам дәрігерлік амбулаториялар. Биыл 8 амбулатория ашылды және тағы 11 нысанды ашу жоспарланып отыр.

«2023 жылға дейін халық тығыз орналасқан аудандарда, әсіресе қала маңайында тағы 40 дәрігерлік амбулатория ашу жоспарда бар», - деді Ә. Рүстемова.

 

 

Жоғары қарай