Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

2024 жылға қарай денсаулық саласына ЖІӨ-нің 5 пайызы бөлінеді

2019 жылдың 21 қазан 2019 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2024 жылға қарай денсаулық сақтау саласына Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға қарай алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен қоғамдық денсаулыққа жұмсалатын шығыстардың үлесі Президент тапсырмасына сәйкес 60 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл үшін министрлік бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігін нәтижеге байланысты арттыру жұмысын қолға алды. Алдымен, мемлекеттік бюджеттің денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстары жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызынан 2,8 пайызға дейін өседі. Бұл ретте қосымша қажеттілік 1,2 трлн теңгені құрайтынын атап өту керек», - деді Елжан Біртанов Парламент Сенатындағы Үкіметтік сағатта.

Министрдің айтуынша, жеке шығыстардың үлесі қазіргі деңгейде сақталуы қажет. Яғни жалпы ішкі өнімнің 1,4 пайызынан аспауы тиіс.

«Бюджеттік емес қордың үлесі (жұмыс берушілердің аударымдары және басқалар) болжаммен 2024 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,55 пайызына дейін жеткізіледі. Осылайша, Қазақстан 2024 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар жалпы ішкі өнімнің 5 пайызға дейін жеткізіледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2025 жылға қарай білім мен денсаулық сақтау салаларына ЖІӨ-нің 10 пайызын жұмсау көзделіп отырғанын мәлім еткен еді.

Жоғары қарай