Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

2050 жылға қарай әлем тұрғындарының 67 пайызы қалаларда тұрады

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Бәскелестік трансформациясы! Ұлттар – Энергия – Индустриялар – Қалалар – Таланттар» деген тақырыппен Ғаламдық инновациялық саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күнге жалғасатын саммитке экономика, қаржы, технология саласына маманданған 50-ден астам халықаралық сарапшы шақырылып отыр. Жыл сайын әлемнің әр елінде өтетін ауқымды шара Қазақстан астанасында тұңғыш рет өтуде.

Саммиттің ашылуына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысып, шараның Қазақстан үшін маңызды екенін тоқталды.

«Үкімет бәсекеге қабілеттілікті дамытып, инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін 8 реформалық құжат дайындауда. Бұл құжаттар 20-дан астам реформалық өзгерісті қамтымақ. Соның ішінде шағын және микробизнесті дамыту сияқты өзекті мәселелер бар. Бизнестің аталмыш саласына түсетін салық жүктемесін азайту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Осы өзгерістердің арқасында бір миллионнан астам кәсіпкердің 3 жыл бойы салық жүктемесі жеңіл болады. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай жер бетіндегі адамдардың 67 пайызы қалаларда тұратын болады. Бұл тенденция технология игіліктеріне қолжетімділік бойынша теңсіздіктер туындатпауы керек. Сол үшін елімізде «Өңірлік даму» бағдарламасы қолға алынған. Бүгінгі саммит осы жасалып жатқан қадамдардың тиімді тұстарын нақтылап, таразылауға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.

Саммит аясында сарапшылар трансұлттық экономикалық байланыстар, энергетика, урбанизация, адам капиталы сияқты мәселелерді талқылайды.





Жоғары қарай