Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

2050 жылы қоршаған ортада 12 млрд тонна пластик болады - зерттеу

2019 жылдың 27 қазан 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлыбританияда пластик бөтелкедегі судың сатылымы артқан. Сарапшылар бұның қоршаған ортаның ластануына зардабы мол екенін айтып дабыл қағуда», деп жазады The Independent.

Басылымның хабарлауынша, 2018 жылы Ұлыбританияда пластик бөтелке қолданысы 7 пайызға өскен, ал пластик өндірісі 3 млрд доллардан асқан. Сарапшылар нарық әлі де ұлғая береді деп болжап отыр.

«Гринпис зерттеулеріне сенсек, пластик алмастырушыларға қатысты жаңа технологиялар жалған үміт сыйлап отыр. Олардың есебінде пластикті алмастырушылар да қоршаған ортаға зиян екені айтылған», деп жазады автор. Оның айтуынша, Ұлыбританияда пластик бөтелкелерде сатылатын судың сатылымы соңғы 15 жылда артқан және әлі де артып жатыр. Сонымен қатар Ұлыбританияда әр адам орта есеппен жылына 150 пластик бөтелке су ішеді.

«Ғалымдар 2050 жылы қоршаған ортада 12 миллиард тонна пластик болады деп болжап отыр», деп жазады автор.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Экология,
Жоғары қарай