Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

21 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 21 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Хан Шатыр» ОСО-ға жақын алаңда Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 09.00-де Астана-Арена спорт кешені аумағында «TazaAstanaArena» науқаны өтеді. Шара барысында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінің алдында нысанды тазарту және арнайы қосымша қоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған.

Сағат 10.00-де «Сарыарқа» велотрегінде мектеп жасына дейінгі балалар арасында велосипед спортынан «Олимпиада үміті» Гран-приі өтеді. Дәстүрлі өткізілетін Гран-при жыл сайын 1000-нан аса көрермен мен 280 қатысушының басын қосады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-14.00 аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ Ұлттық онкология и радиология зерттеу институтында және Қазақстандағы барлық мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында онкогинекологиялық патологияларды ерте жаста анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.

Сағат 16.00-де Абай даңғылы 90 мен Жароков көшесінің жанында «Қала автокөліксіз өмір сүріп, көліктен келетін көмірсутек ізін азайта ала ма?» атты қалалық дебат өтеді. Шара аясында швед режиссері Фредрик Герттеннің «Көліктер мен автокөліктер текетіресі» фильмін тамашалау жоспарланған.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай