Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

21 млн теңге жымқырған Олимпиадалық даярлау орталығының басшысы сотталды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының директоры сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұдын бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Велосипед спортынан Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Б.О.Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған болатын. Ол 2016-2018 жылдары жүйелі түрде ұйымның айлық төлемақы қорынан 21 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген еді. Сотталушы орталықта жұмыс істемейтін адамдарды заңсыз жұмысқа тұрғызу, жұмысшыларға сыйақы аударып, қайта жинап алу жолымен ақша жымқырған», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Мұқашев бюджетке келтірілген шығынды толығымен өтеген.

16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Мұқашев ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Жоғары қарай