Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

23 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




58 жыл бұрын (1962) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Нариманқызы ҮЛКЕНБАЕВА дүниеге келді.

Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев ауылында туған. Алматы қаласындағы музыка училищесін (1981, педагогы Т.Бәділов), одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А.Т. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген. 1989-1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті. Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді. Оның репертуарында халық күйлері («Ақсақ құлан», «Ел айрылған», т.б.), қазақтың халық композиторлары (Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, т.б.), осы заманғы композиторлар (Н.Тілендиевтің «Аққуы», А.Жайымовтың «Күй анасы» мен «Шалқымасы») шығармалары мен шет ел классикалық туындылары бар. 1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан «Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында» (өзі ұйымдастырған) ұстаздық қызметпен айналысады.




50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаментінің директоры Мұхиден Қалкенұлы Әбілдинов дүниеге келді.

Қарағанды облысында дүниеге келді. 1995 жылы «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша Қазақ тұтыну кооперация институтын (үздік дипломмен), 2006 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң институтын бітірді.

Еңбек жолын 1987 жылы Қарағанды ​​облысы Құлан-Өтпес а/о «Жас Қадам» КМБ бригадирі ретінде бастады.1990 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін Қарағанды ​​облысы Құлан-Өтпес а/о құрылыс алаңының құрылысшысы болды.1995 жылдың шілде айынан 1997 жылдың сәуір айына дейін Ақмола облысы бойынша Салық инспекциясінің жеке тұлғалардың табыстарына салық салу бөлімінің салық инспекторы, бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.1997 жылдың сәуір айында Астана қаласы бойынша Салық полициясы басқармасының салықтық қылмыстармен жұмыс жасау бөлімінің аға инспекторы лауазымына тағайындалды.1998 жылдың желтоқсан айынан 2000 жылдың сәуір айына дейін ҚР МКМ Өндірістік емес төлемдер департаменті Бөлшек сауда желісіне салық салу бөлімінің бас маманы, Бастығының орынбасары болды.2000 жылдың сәуір айынан бастап 2002 жылдың қазан айына дейін Астана қ. Сарыарқа ауданы бойынша Салық комитетінің Төраға орынбасарының қызметін атқарды.2002 жылдың қазан айынан 2003 жылдың қазан айына дейін Астана қ. Сарыарқа ауданы бойынша Салық комитетінің Төрағасы болды.2003 жылдың қазан айында Астана қ. бойынша Салық комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың қазан айына дейін «Астана - жаңа қала» Салық комитетінің Төрағасы болды.2007 жылдың қазан айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Астана қ. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ Өкілдігінің Директоры болды2008 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейін «Бәйтерек» корпоративтік қордың Директоры болды.2009 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.2010 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.2010 жылдың қазан-қараша айларында «Astana» ӘКК» АҚ органдарын қалыптастырғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру бойынша уәкілетті тұлға лауазымында болды.2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қаңтар айына дейін «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеді.2014 жылдың мамыр айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін жеке меншік секторында, коммерциялық құрылымдарда істеді. 2018 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаментінің директоры.

Мемлекеттік марапаттар, құрметті атақтар: Қазақстан Республикасының салық қызметінің үздігі (2005 ж.), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.).




49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Мариан Асарқызы ӘБІШЕВА дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия бөлімін бітірген. 1995 жылдан - Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында философия және әлеуметтану кафедрасының ассистенті. 1995-1996 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтында қоғамдық пәндер кафедрасының ассистенті. 1997-2005 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық байланыстар басқармасында І санатты маман, халықаралық байланыстар бөлімінің жетекші маманы, халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің бастығы. 2005 жылғы ақпаннан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғалым-хатшы. 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары болды. 2014-2015 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық және ұлттық жобалар қызметінің жетекшісі болған.

Қазіргі қызметінде – 2015 жылдан бері.




46 жыл бұрын (1974) Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі «Н.Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 1997 жылы Варшава университетін Саяси ғылымдар және журналистика факультетінің Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар Институтын бітірген, ғылыми дәрежесі Магистр.

Еңбек жолы: 1997 жылдан 1999 жылға дейін Сыртқы саясатты талдау және жоспарлау басқармасының сарапшысы болды.1999-2014 жж. – Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің III және ІІ хатшысы. 2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің кеңесші. 2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісінің кеңесшісі және кеңесші-уәкілі. 2007-2008 кк. – Қазақстан Республикасының Австрия Федералды Республикасындағы Елшісінің кеңесші-уәкілі.2008 жылдан 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігінің кеңесші – уәкілі. 2009-2011 жж. – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің кеңесші – уәкілі. 2011 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрілігінің ресми өкілі, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, Төрағасы. 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ресми өкілі-Директорының орынбасары. 2014 жылғы сәуірден тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 2015 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрілігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі мен СІМ-нің ресми өкілі. 2016 жылдың мамырынан 2017 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусым айынан.




46 жыл бұрын (1974) ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Мақсұт Пернебайұлы Исахов дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығының экономист-ұйымдастырушы мамандығы (1996); Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық инстиутты заңгер мамандығы бойынша (1999) бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер басқармасында қызметтен бастаған (1996-2000); ОҚО кеден басқармасында маман, бас маман (2000-2005); Алматы облыстық «Достық» кеден бекетінде бас маман, бөлім бастығының орынбасары (2005-2006); бөлім басшысы (01.2006-06.2006) қызметтерін атқарды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» АҚ» «Жолаушылар тасымалы» АҚ компанияларында түрлі қызметтер атқарды, филиал директоры болды. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары, қала әкімінің орынбасары (2013-2014); ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары (2014-2017); Алматы қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы (2017-2018); Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ( 2018 жылдары) қызметтерін атқарған.




45 жыл бұрын (1975) ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ғабидолла Рахметоллаұлы ӘБДІРАХЫМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебін (Германия) бітірген. Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ассистент (1996-1997); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бас маман, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі (1999-2001); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2001-2003); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (2003-2005); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2005 - 2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы (01.2008-10.2008); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы (2008-2012); Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы (Монополияға қарсы агенттік) (2012-2013). Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері қауымдастығының президенті (2001-2008); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы (2008 жылдан). 2013-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары Шымкент қаласының әкімі, 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болған. 2018 жылдың маусымынан 2019 30 шілдесіне дейін Шымкент қаласының әкімі.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай