Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

24 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 23 ақпан 2020 22:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 24 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолуды оқырман назарына ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Тақырып: 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы».

14.00 С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде «әл-Фараби және қазіргі заманғы Қазақстан философиясы» атты республикалық форум өтеді. Шара ғұламаның туғанына 1150 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

15.30-да «Nur Otan» партиясының астаналық филиалы «Бақытты отбасы» ұлттық жобасының және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында Балаларды оңалту ұлттық орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға мүгедек арбасы (10 арба), Балаларды оңалту ұлттық орталығында ем алу сертификаттары (5 квота-сертификат), аз қамтылған отбасы және көпбалалы аналар қатарына жататын аналарға тігін шеберлігі сертификаттары (15 сертификат), ерекше күтімді қажет ететін балаларға құмыра жасау шеберлігі сертификаттары тарту етіледі.

19.00-да St.Regis Astana-ның «Астор» залында Ұлттық күннің 59 жылдығына және Кувейт мемлекетінің азат етілгеніне 29 жыл толуына орай ресми қабылдау өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Интерфакс-Казахстан» агенттігінің баспасөз орталығында туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Басқа меморгандар, Қоғам,
Жоғары қарай