Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

24 қазан. Туған күн иелері

2019 жылдың 24 қазан 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




59 жыл бұрын (1960) Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Ешейұлы БӘРПІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаскелен қаласындағы ІІБ инспекторы болып бастады. 1987-1990 жылдары Жамбыл аудандық ІІБ тергеушісі. 1992-1995 жылдары Жамбыл аудандық сотының судьясы. 1995-1999 жылдары Жамбыл аудандық сотының төрағасы. 1999-2002 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2002-2003 жылдары Алматы қалалық соты азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы. 2003-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2007-2012 жылдары Алматы қалалық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған.




57 жыл бұрын (1962) Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Кәкімбекұлы БАЛҒАРИН дүниеге келді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданынның Тимофеев поселкесінде дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай ауыл шаруашылық техникумын ветеринар фельдшері мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. 1981 жылдың наурыз-мамыр айларында Семиозер ауданының «Қаймақкөл» кеңшарында ветеринарлық санитар болып жұмыс істеді. 1981 жылдың мамыры мен 1983 жылдың маусымы Сухуми қаласында Совет Армиясы қатарында борышын өтеді. 1983 жылдың шілдесінен 1998 жылдың шілдесі аралығында «Қаймаққөл» кеңшарында ветеринар дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қаймақкөл» кеңшарының бас ветеринары қызметтерін атқарады. 1998 жылдың шілдесінен бастап 2004 жылдың наурызы аралығында Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасында жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың наурызы мен 2008 жылдың қарашасы аралығында «Тимофеевка-Агро» ЖШС-інің атқарушы директоры болды. 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың желтоқсаны аралығында Әулиекөл ауданының «Кетебаева Зауреш» шаруа қожалығын басқарды. 2010 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың сәуірі аралығында «Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бастығының орынбасары, 2011 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Ауыл шарушылылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Наурызым ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013-2016 жылдары Әулиекөл ауданының әкімі; Арқалық қаласының әкімі (2016-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кірісті.




55 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы ӨСКЕНБАЕВ дүниеге келген.

КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғары мектебін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Индустрия және сауда, туризм және спорт министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2007-2011 жылдары ҚР Туризм және спорт вице-министрі, 2013-2014 жылдары Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры (2016-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қаңтарында кірісті.

«Астана», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай» медальдарымен марапатталған.




51 жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сапарбекұлы СӘДЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1993); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін (1998) бітірген.

Еңбек жолы: Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап – қазіргі қызметінде.




43 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Азамат Халимеденұлы ӘМІРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған.1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер - халықаралық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, директор орынбасары, директор, комитет төрағасының орынбасары (1998 - 2006); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2006 - 2009); «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы (2009 - 2011); Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі (2011 - 2017). ҚР Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы (2017-2019).

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




33 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша (1995), Остин қаласы Техас университетін (АҚШ) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша (2010) тәмамадаған.

Еңбек ЖОЛЫ: Остин Мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер (2008-2010); Калифорния, Колорадо және Техас штаттары бойынша бұрғылау инженері (АҚШ); Бұрғылау бойынша аға инженер, Ирак; Бұрғылау бойынша бас инженер (Сахалин аралы); ExxonMobile корпорациясының аға жобалаушы инженері, Атырау (2010-2016); Кәсіптік супервайзер бастығы, Merlin ERD компаниясында бұрғылаудың жетекші инженері, Перт (Шотландия) (2016-2018); басқарушы кеңесші, McKinsey and Company компаниясының мұнай саласындағы жаһандық сарапшы, Лондон (Ұлыбритания) (2018-2019).

Қазіргі лауазымында - 2019 жылдың тамызынан бері.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай