Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

25 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 25 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1944 жылы Орталық біріккен киностудия және «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудияларын тарату мен қайта көшіруден кейін, Алматы киностудиясы Алматы көркемөнер және хроникалық фильм киностудиясы болып өзгертілді.

1966 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 1998 жылғы шілденің 6-сындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату туралы Келісімнің хаттамасына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі нәтижесінде атом қуатын бейбіт мақсатқа қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

2010 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты А/H1N1 тұмауына қарсы вакцина ойлап тапты.

2015 жылы Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында Ski Touring, қар ступингі және Sky Running-тан бірінші ашық чемпионат болып өтті. Оның мақсаты – жаңа спорт түрлерін Қазақстанда таныстыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ski Touring – шаңғымен арнайы бекіткіштермен тауға жылдам шығу, қар ступингі – қарадымдағышпен тауға жылдам шығу, ал Sky Running – тауға кроссовкимен жүгіріп көтерілу.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеу жариялады. Онда Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке бергендігін баяндады.

2017 жылы Астанада 2017 жылғы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы басталды. Айтулы додада Қазақстанның намысын спорттың 12 түрінен 171 студент қорғады.

2018 жылы Үндістанның Джамму және Кашмир штатының Сринигаре қаласында Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген қорымының ашылу салтанаты болып өтті. Қорымды қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің бастамасымен өтті. «Тарих-и-Рашиди» тарихи еңбегінің авторының қорымы Ұлы Моғол империясы сұлтандарының зираты - «Мазар-и-Салатинде» орналасқан. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнаме» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.

2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдар ұжымы университет ректоры, академик Ғалым Мұтановтың бастамасымен бериллийді өндірудің бірегей технологиясы бойынша АҚШ-тың үш патентіне ие болды. Бұл Қазақстан ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі бірегей жетістік саналады.

2018 жылы Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

2019 жылы Қазақстан БҰҰ алдында алғаш рет еліміздегі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағытында есеп береді.

2015 жылы 25 қыркүйекте БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Онда бірқатар мақсаттар қамтылған, бұл ретте кедейшілікті жою, табиғи ресурстарды сақтау, адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз ету секілді бағыттар ескерілген. Әрбір 17 мақсат бірқатар көрсеткіштерді қамтиды және оларға 15 жылдың ішінде қол жеткізу керек.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай