Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

26 наурызға арналған ауа райы болжамы

2019 жылдың 25 наурыз 2019 23:49 798

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, Тұман, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болып, даул, желдын күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ  болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдын күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстанда түнде, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде таңертең тұман болады.

 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай