Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

28 наурызда еліміздің көп аймақтарында күн ашық болады

2020 жылдың 28 наурыз 2020 01:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары 28 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан территориясының шығыс жартысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыста кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай